Previous Page  126 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 126 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

126

Жауап:

Қарызын төлеуге шамасы жоқ кісі

(Мұндай кісілерге де зекеттен беруге болады).

Сұрақ:

«Аллажолында» дегенніңмағынасы

не?

Жауап:

Бір кісі Алла жолында жиһадқа

шығайын десе, азық-түлік алуға қаржысы жоқ.

Сондай кісіге жәрдем ретінде зекеттен беру

лайық.

Сұрақ:

Мүсәпір дегеніміз кім?

Жауап:

Өз ел-жұртында бай болса да, бірақ

сапарда жүргенінде ақшасы (ұрлату, жоғалту

т.б. себептермен) жоқ кісілерді айтады.

Ал көңілдерін ислам дініне аулау мәселесіне

келетін болсақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед

(с.ғ.с.) өзі де бір кісілерге, олар ислам дінін

қабылдауына көңілдерін аулау үшін зекет мал-

лынан берген. Себебі, олар бір-бір қауымның

жоғары дәрежелі, сыйлы кісілері болатын.

Олардың исламды қабылдауымен артындағы

бүкіл қауымы да ислам дінін қабылдайды дег-

ген үміт болған. Ал Алла Тағала ислам дінін

қуаттағаннан кейін оларға зекет беруге болады

деген үкімнің күші жойылып, Пайғамбарымыз

Мұхаммед (с.ғ.с.) дүние салғаннан кейін оларға

зекет берілмейтін болды.

Сұрақ:

Демек, жоғарыда айтқаныңызға

қарағанда зекет берілетін орын жетеу болып

қалды. Ал зекет беретін кісі осы орындардың