ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
122
Қойдың зекеті
Қойда қырықтан азына зекет берілмейд-
ді. Алты айдан көбірек жайлауда жайылатын
қойдың саны қырыққа жетіп, бір жыл өтсе жүз
жиырма болғанша бір қой беру уәжіп болады.
Ал жүз жиырмадан бір қой асып екі жүзге жетк-
кенше екі қой береді. Екі жүзден төрт жүзге
дейін үш қой, төрт жүзде төрт қой беру уәжіп.
Әрі қарай әр жүз қойға бір саулық беру уәжіп.
Қой мен ешкіге зекеттің үкімі бірдей.
Жылқының зекеті
Алты айдан көбірек жайлауда жүретін, ішінд-
де биесі мен айғыры аралас жылқы малына,
бір жыл өткеннен кейін жылқы иесі қаласа әр
жылқыға бір динар немесе жылқысын бағалап
әр екі жүз дирхамға бес дирхам береді. Бірыңғай
айғырға зекет берілмейді,- деген Әбу Ханифа
(р.а.).
Қашыр мен есектің зекеті
Қашыр мен есекке зекет берілмейді. Бірақ
сауда-саттық үшін ұстаса, онда тауарға уәжіп
болғанын беруі уәжіп болады.
Егін мен жеміс-жидектің,
бау-бақша мен егін өнімдерінің зекеті
Егін және жеміс-жидектің де зекеті бар.
Яғни, суғарылатын суының әртүрлі болуына