117
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Жауап:
Бір жыл ішінде көбейген малды
қандай мал болса (яғни, қой болса – қойға, алт-
тын болса – алтынға) қосып зекетін береді.
Сұрақ:
Зекетті бір жыл өтпестен алдын бер-
руге бола ма?
Жауап:
Зекет беретіндей жағдайы бар кісі
бір жыл болмай тұрып зекет беруіне болады.
Бір жыл болмай зекет берсе де зекеті зекетке
жатады.
Сұрақ:
Зекет беру уәжіп болған кісі жыл
соңында зекетін берді, бірақ келесі жылында
малы азайып кетті. Келесі жылында да оған зек-
кет беру уәжіп бола ма?
Жауап:
Бір жыл өтпестен бұрын малы зекет
мөлшеріне жетсе, зекет беру уәжіп болады. Сол
сияқтыжылдың басында және жылдың соңында
зекет беру мөлшеріне жетсе, жыл ортасында
азайған болса да зекет беру уәжіптігі түспейді.
Сұрақ
: Бір кісінің сауда-саттықта жүрген
тауары бар болғанмен зекет беру мөлшеріне
жетпейді. Оған қоса алтыны және күмісі де бар.
Бұл кісіге зекет беру уәжіп пе?
Жауап
: Тауардың құнын алтынға немесе
күміске қоса есептейді. Егер екеуін қосқанда
(тауар мен алтынды немесе тауар мен күмісті)
зекет мөлшеріне жетсе зекет беру уәжіп болад-
ды.