ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
112
Ислам ғұламалары барлық ғасырларда зекет
берудің парыз екендігіне бірауыздан келіскен.
Зекет беруден бас тартқан кісінің үкімі
Зекет берудің парыздығын мойындамаған
кісі егер де ислам мемлекетінде, ислам
ғұламаларының ортасында өскен болса кәпір
болып, діннен шығады. Ал ислам дінін жаңадан
қабылдағандығынан немесе бәдәуи шөл далада
өскендігінен зекет берудің уәжіп екендігін мойы-
ындамаса кәпір делінбейді. Себебі ол білмегенд-
дігінен үзірлі. Қайта оған зекеттің парыздығын
үйретеді. Ал біле тұра зекет беруден бас тартса
ақыретте жазаға тартылады.
Ондай кісілер жайлы Алла Тағала Құран
Кәрімде:
«Алтын-күміс жиғандарға, оны
Құдай жолына жұмсауға қимайтындарға
оның бодауына қатты азап бар. Ол күнде
оларды алтын-күмісімен қариды. Міне,
сендердің өздерің үшін жиған алтын-
күмістерің. Сол асылдарыңның азабын енді
тартыңдар»
, - деген. («Тәубе» сүресі, 34-аят).
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзінің
хадис шарифінде:
“Алла Тағала кімге мал-дүние берген болс-
са, ал ол сол мал-дүниенің зекетін бермесе
қиямет күні екі көзінің үстінде қара нүктесі