115
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Егер қоспада күмісі көпболса күміс үкімінде
болады. Ал қоспасы көбірек болған жағдайда
күміс үкімінде емес, жай ғана қымбат бағалы
зат банктері де мұндай құнды қағазбен келген
кісіден қабылдап алып, оған өз базарларында
жүретін ақшаны айырбастап бере алады.
Тауарлар зекеті
Сауда тауарларынан да зекет беру уәжіп.
Тауарлардың бағасы алтын немесе күмістің
бағасымен салыстырылады. Кейін алтын,
күмістің қайсы бірінің зекет беру мөлшеріне
жетсе сол бағамен беріледі. Осылай болу
кембағал және жетім-жесірлерге де пайдалы.
Әбу Ханифаның пікірі де дәл осылай. Имам
Юсуф (р.а.):
«
Егер де тауарды күміске сатып
алған болса күміске, алтынға сатып алған
болса алтынға бағаланып зекет береді. Ал алт-
тын, күмістен басқа нәрсемен сатып алынған
болса, онда сол қалада көбірек қолданылатын
ақшамен бағаланады
»,-деген.
ИмамМұхаммед (р.а.):
Барлықжағдайдада
сол қаладағы көбірек қолданыстағы ақшамен
бағаланады,
- дейді
.