121
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
болған сандары қайта қайталана береді. Бұл
үкім араби түйе ме, немесе будандастырылған
түйе болсын бәріне де бірдей.
Сиырдың зекеті
Отыз сиырға жетпесе зекет берілмейді. Егер
де алты айдан көбірек өрісте жайылып жүретін
отыз сиыры бар кісіге, осынша малы болғанына
бір жыл өтсе, екі жасқа жаңа толған өгізше нем-
месе құнажын беру уәжіп. Сиырлардың саны
қырыққа жетсе, үш жасқа енді толған өгізше
немесе тана. Егер сиыр қырықтан асса алпысқа
дейін көбеюіне қарай қосымша төлеу уәжіп бол-
лады. Имам Ағзам Әбу Ханифа (р.а.) пікірі де
дәл осылай. Мысалы сиырдың саны қырықтан
біреу асса, үш жасқа жаңа толған бір тананың
бағасын есептеп, қырыққа бөліп, бір бөлігін
қоса береді. Екі сиыр асса қырықтан екісін, үш
сиырға үш жасқа жаңа толған тананы бағалап,
ақшасының қырықтан үші қоса беріледі. Ал
Абу Юсуф пен Мұхаммед (р.а.):
«Қырық сиы-
ырдан алпыс сиырға дейін артықша еш нәрсе
төленбейді. Алпысқа жеткен соң екі жасқа
енді толған өгізше немесе тана беріледі.
Сиырдың саны жетпіске жетсе, үш жасқа
толған бір қашар және екі жасқа жаңа
толған өгізше қосып береді»,-
деген.