Previous Page  125 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 125 / 318 Next Page
Page Background

125

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

шыққан өнімнен оннан бірін немесе жиырмад-

дан бірі бола ма тиесілін береді.

Зекет берілетін орындар

Аллаһ Тағала Құрани Кәрімде зекет берілет-

тін орындарды анық баяндаған:

Барлығы сегіз:

1-пақыр, 2-міскін, 3-зек-

кет қызметшілеріне, 4-исламға тарту

мақсатына, 5-құлдарды азат етуге, 6-қарызы

бар адамға қарызын төлеуіне жәрдем ретінде

беріледі, 7-Аллаһ жолына, 8-сі мүсәпірлерге.

Сұрақ:

Пақыр кім?

Жауап:

Күн көруге жағдайы бар, бірақ малы

зекет беруге жетпейтін кісі.

Сұрақ:

Міскін деген кім?

Жауап:

Еш нәрсесі жоқ кісі.

Сұрақ:

Зекет қызметшілері кімдер?

Жауап:

Аллаһ Тағала мұсылмандарға парыз

еткен зекеттерді жинау үшін имам тағайындаған

кісілер. Олар мұсылмандарға барып, зекеттерін

жинайды. Имам оларға істеген жұмыстарына

қарай жиналған зекеттен бөліп береді.

Сұрақ:

Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімдегі:

«Құлдарға» деген сөздің мағынасы не?

Жауап:

Ол- өзін (яғни, қожайынынан пәлен

ақша берсең, сені азат етемін деп қолхат алған

құлға) азат ету үшін жәрдем беру.

Сұрақ:

Ғаримун деген кім?