Previous Page  129 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 129 / 318 Next Page
Page Background

129

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

зекетке жатпайды. Ал екі имам Абу Юсуф пен

Мұхаммед:

әйелі күйеуіне зекет берсе болад-

ды

,- деген пікір білдірген.

Сұрақ:

Зекетті байға немесе байдың балас-

сына беруге бола ма?

Жауап:

Байларға (яғни, оның өзі зекет бер-

руі уәжіп болған кісіге) зекет беруге болмайды.

Байдың жас баласына да және үлкен баласына

да кембағал болса да зекет беруге болмайды.

Сұрақ:

Пақыр немесе міскіндердің де зекет

берілмейтін түрі бар ма?

Жауап:

Ия, Хашимнің ұрпақтарына

пақыр болсын, не міскін болсын зекет беруг-

ге болмайды. Хашимнің ұрпақтары деп: Әлі,

Аббас, Жағпар, Харис ибн Әбдімүттәліптің

(Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ағайын-

туыстарының) ұрпақтары.

Сұрақ:

Бір кісі зекетін зекет алуға лайық деп

бір кісіге беріп, кейіннен оның бай адам екендіг-

гі ме, Хашим әулеті немесе кәпір екендігі мәлім

болып қалса немесе қараңғыда бір кембағалға

зекетін берген соң кейіннен ол кісі өзінің әкесі

ме, не баласы болып шықса қайтадан зекет бер-

руі керек пе?

Жауап:

Әбу Ханифада зекеті зекетке өтеді,

қайтадан зекет беріп жатпайды. Мұхаммед және

Абу Юсуф (р.а.):

«Қандай болғанда да зекетін

қайта беру уәжіп»

, - дейді.