ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
116
Зекет қалай беріледі
Сұрақ:
Зекет қалай беріледі?
Жауап:
Алла Тағала парыз еткен зекетті
(қырықтан бірін) зекет беруге рұқсат етілген кіс-
сілерге қолма-қол берер кезінде немесе парыз
болған мөлшерін мал-мүлкінен бөліп жатқан
уақытта мен парызымды өтеп жатырмын деп
ниет етуі қажет.
Парыз болған мөлшерін бөліп беру
кезінде ниетін қосу дегеннің мағынасы
қалай?
Жиған мал-дүниесі зекет мөлшеріне жетіп,
бір жыл өтсе есептеп, парыз болған мөлшерін
бөліп жатқан уақытта немесе зекет беруге лайық
деген орынды тауып зекетін беріп жатқанда
(мен парызды өтеп жатырмын деп) ниет етеді.
Себебі, шариғатымызда парызды өтеу сәтіндегі
ниетке мән беріледі, яғни ниет парыз. Ал сол
сияқты бір кембағал немесе міскін келіп қалып,
оған зекеттің малы деп бөліп қойған мал-
дүниесінен беріп жіберсе зекеті зекетке жатад-
ды. Тіпті зекетін беріп жатқанда асығыстықтан
немесе естен шығарып ниетін айтпаған болса
да. Өйткені ол зекетін бөлер кезде «
бұл зекет
малы
» деп ниеттенген болатын.
Сұрақ:
Зекет беретін кісі, бір жылдың ішінд-
де тағы пайда көрсе, сол пайда көрген малынан
зекет бере ме?