Previous Page  111 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 111 / 318 Next Page
Page Background

111

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

Зекет үкімі

Зекет – Исламдағы бес парыздың бірі. Зекет

беру Алла Тағаланың кітабы бойынша шарт,

Расулуллаһ (с.ғ.с.) ұстанған сүннеті және Әһлі

сүннә уәл жамағаты парыздығына бірауыздан

келіскен амалы.

Алла Тағала Құран Кәрімнің «Бақара»

сүресі, 83 аятында:

«Намаз оқыңдар, зекет

беріңдер»

;

«Тәубе» сүресі, 103-аятында:

«Олардың

малынан садақа ал да, ол арқылы оларды

тазартып, берекелендір»;

«Әнғам»сүресі,141-аятында:

«Жемісжиған

кезде құшырын (садақасын) беріңдер»,

- дег-

ген.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) :

“Ислам бес

нәрседен құрылған: біріншісі Алладан өзге

Тәңір жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) Оның елшісі

екендігіне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру,

Рамазан айында ораза ұстау, жағдайы болған

кісіге қажылық жасау”,

- деген (Ибн Умардан

риуаят етілген Бухари және Муслим хадистер-

рінде).

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Муаз

ибн Жәбалды Яман жеріне жіберген кезде де:

“Алла Тағала оларға, байларынан алып кедейл-

леріне таратып беретін садақаны (зекетті)

парыз еткендігін оларға ұқтырғын”

, - деді.