Previous Page  113 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 113 / 318 Next Page
Page Background

113

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

бар жылан болып келіп, оны орап алады да екі

езуінен ұстап алып жүген секілді тартып:

Мен, зекетін бермеген мал-дүниеңмін, тығып

қойған қазынаңмын”

, - деп бұл сөзін дәлелдеп

мына аятты оқыды:

“Бақылдық жасаған адамд-

дар ойламасын”.

Және бір хадисінде:

“Кімде-кім сауап үміт

етіп зекетін берсе, оған мол сауап беріледі. Ал

бермеген кісіден мен өзім аламын. Себебі оның

мал-дүниесінің бір бөлігі (яғни зекетін беру)

Раббымыздың шешімі. Мұхаммедтің (с.ғ.с.)

әулетіне зекет жеу халал емес”

, - деген.

Алтын және күмістің зекеті

Екі жүз күміс дирхамы бар кісінің ақшасы

айналымда бір жыл өткен болса, қырықтан бір-

рін зекет беру парыз болады. Яғни әр екі жүз

дирхамнан бес дирхам береді.

Әбу Ханифа (р.а.) алтын-күмістің зекеті

жайлы:

“Екі жүз дирхамнан екі жүз қырық

дирхамға дейін бес дирхам беріледі. Екі жүз

қырық дирхамнан екі жүз сексен дирхамға

дейін және бір дирхам қосылады, яғни екі

жүз қырық дирхамнан асса алты дирхам бер-

ріледі. Осылайша екі жүзден көбейіп жатқан

дирхамдарда әр қырыққа бір дирхам қосылып

тұрады”

, - деген.