245
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
білімсіздікке шақырады, оқуларды тастауға
үгіттейді. Өйткені, институт пен университетт-
терді, мешіттер сияқты, шайтанның мекендері
деп санайды»,-дейді.
Олар: «Жұма намазы мен жамағат намазд-
дары қасиетті төрт мешіттен басқа мешіттерде
оқылмайды. Дүниедегі төрт мешіттен (Мекке
мен Мәдинадағы мешіттер, Құба мен Ақса меш-
шіттері) басқа барша мешіттер зиянды санал-
лады. Сол мешіттерде намазды өткізетін имам
тәкфиржамағатынанболсағананамазхандардың
намаздары дұрыс болады»,-дейді.
Өздерінің әмирі Шүкри Мұстафаны осы
үмбеттің көптен бері күткен имам Мәһдисы деп
санайды. Оның күш-жігерімен ислам дінін барш-
ша діндерге үстем етеміз деп ойлайды.
Қазіргі заман қаруларымен мемлекеттер
ортасында алып барылатын соғыс нәтижесінде
дүние экономикасы мен саясаты тәртіп шегінен
шығады екен. Соң тәкфир жамағатының дәүрі
басталады, адамдар көне қарулармен (қылыш,
найза, садақ т.б.) соғысты жалғастырады екен.
Тәкфир жамағаты өздерін имаматтық
(басқару), ижтиһад (үкім шығару қабілетіне ие
болу) дәрежесіне жетік, деп есептейді.
Тәкфир жамағатының мүшесі мархұм
Әбдрахман Әбу ал-Хайрдың «Мұсылмандар