Previous Page  243 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 243 / 318 Next Page
Page Background

243

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

батқан адам кәпір. Оның тәубесі қабыл болмайд-

ды. Сондай-ақ, Алланың түсірген шариғатымен

үкім шығармайтын басшылар мен сол үкімді

разылықпен қабылдайтын жұрт кәпір. Бұларды

кәпір демейтін дін ғалымдары да кәпір. Тәкфир

жамағатының пікірін қабыл алмаған немесе

қабыл алып, жамағатқа қосылмаған және сол

жамағаттың имамдарына ермеген әрбір адам

кәпір. Ал, кімде-кім жамағатқа кіріп, кейіннен

шықса, ол адам діннен қайтқан сатқын есепт-

теледі. Оны өлтіруге де болады. Қайбір исл-

лам жамағаты тәкфир жамағатының дағуатын

қолдамаса, ол жамағаттың басшысы діннен

қайтқан кәпір саналады.

Олар: «Кімде-кім имамдардың немесе

сахабалардың сөзін дәлел ретінде қолданса

немесе қияс, маслахат ал-мурсала, истихсан

және сол сияқты дәлел-құжаттармен (яғни төрт

мазһабтың бірі бойынша) мәселе шешсе, ол әрі

мүшрик, әрі кәпір саналады»,-дейді .

Олар: «Һижраттың төртінші ғасырынан

кейін күпір және жаһилият дәуірі басталды.

Өйткені, мұсылман адам әрбір үкімнің дәлелін

білмейді, діни амалдарда біреуге еруден басқа

шамасы жоқ»,-дейді.

Тәкфир жамағаты принциптерінің екінш-

ші негізгі құрамы

һижрат

. Һижраттың сөздік