241
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
ласпайтындар деп аталады. Бұл сепаратистық
ұйым. Жамағаттың алғашқы идеялогиясы
Мысыр түрмелерінде өріс алып, соңынан бас
бостандыққа шыққан мүшелерінің ой-пікірлері
қисынға келтірілді, тұжырымдалды. Солтүстік
Мысырда және сол елдің университет студентт-
тері арасында олардың ізбасарлары көбейді.
Тәкфир және һижрат жамағаты деп даңқы
шыққан мұсылмандар жамағатының принц-
ципі мен ой-пікірлері Мысыр түрмелерінде,
әсіресе 1965 жылы жалпы тұтқынға түскен
мұсылмандардың ішінен Мысыр президенті
Жамал Әбдінасырдың бұйрығымен Сайд Құтб
пен оның пікірлес бауырлары өлім жазасына
тартылған соң қисындап мазмұндалған.
Түрмелердегі дінді ұстанған мұсылмандар
қатты азап тартты. Сол азапқа шыдамай қайтыс
болғандар да болды. Осындай үрейлі жағдайда
мұсылмандардың ашу-ызасынан туындаған
ынта-жігерлері артып, тәкфир идеялогиясы
пайда болып, жүзеге келген діни көзқарасты
қабылдап қолдайтын адамдар да табыла қалды.
Басым көбі қоғамның жас бозбалалары еді.
1967 жылы Мысыр ұлттық қауіпсіздік ком-
митеті қамаудағы дағуатшы мұсылмандардан
мемлекет президенті Жамал Әбднәсырға
бағынуға, оның саясатын қолдауға шақырды.