ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
236
шұғылданған тақуа ретінде танылған. Тариқаты
Батыс Азияда тараған.
Ахмадия:
Мысырдың ең үлкен әулиелерінің
бірі Ахмад әл-Бадауий мектебі. Фас қаласында
туылған. Қажылыққа барып, сонан Ираққа сап-
пар шеккен. Қайтыс болғанша Танта қаласында
өмір сүрген. Сол қалада оның ел зиярат ететін
кесенесі бар. Ол кісі шабандоздықпен танылған
екен. Құлшылыққа қатты беріліп, үйленуден бас
тартқан. Оның тариқатындағылар Мысырдың
түкпір-түкпіріне тараған. Бұл тариқаттың бум-
мия, шанауия, аулад-Нух және шағбия деген
ағымдары бар. Олардың көзге көрінерлік белгіл-
лері қызыл сәлде.
Дусуқия:
Ибрахим әл-Дусуқий (633-676)
мектебі. Бұл тариқат нәпсіні және оны рахатқа
батыратын барлық нәрседен шығуға шақырады.
Олардың бас байлығы барлық жаратылысқа мах-
хаббат ету, бойсыну және шейхтың қалауы мен
әмірінің астында тыныштық табу. Бұл тариқат
білімге, амалға және елден жырақта «хилуе-
ет» ету дұрыс емес деген сияқты нәрселерге
шақырады.
Акбария:
«Шейх акбар» Мухиддин бин
ал-Арабий мектебі. Бұл тариқаттың негізі
тыныштық сақтау, елден жырақтау «ғузлат»,
аштық және түнді ғибадатпен өткізу. Бұл