ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
234
– мақамдардың ең шыңы, бұдан соң пендеге
ғайыптың сырлары ашылып, ақиқатты көреді»
деп анықтама береді.
Сопылық мектептері:
Зухд мектебі:
бұл мектептің өкілдері Раб-
бия ал-Адауия, Ибрахим бин Адхам, Суфиян
ас-Саурий.
Кашф және мағрифат мектебі:
бұл
мектептің идеологиясы бойынша ақыл жалғыз
өзіАлланытануғажәнеболмыстыңақиқаттарын
жете білуге жеткіліксіз. Пенде рухани дамуы
арқылы жүрегінің жанары ашылып, ақиқатты
бүркеп тұрған пендешілігі ашылады дейді. Бұл
мектептің негізін салушы имам Әбу Хамид әл-
Ғаззалий.
Уахдатул-ужуд мектебі:
бұл мектептің нег-
гізін салушы Мухиддин бин ал-Арабий. Оның
соңғы ізбасарларының бірі Жамал әд-Дин әл-
Ауғаний бұл мектептің негізгі ұстанымы: «Алла
барлық нәрседе, Ол барлық нәрсе. Сондықтан
бұл әлемдегі барлық нәрсе қасиеттеуге және
ұлықтауға лайық» деп санайды. Ибн ал-Араб-
бий «ақиқатшылар айтқандай бұл болмыста
Алладан өзге нәрсе жоқ, біздің бар болуымыз
Алланың қалауымен, бұл ғаламда тіршілік
иесінің барлығы тек Оның тіршілігі себепті,
болмысы тек Ол, тек қана Ол бар оған тең нәрсе