Previous Page  232 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 232 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

232

әрқайсысының өзіне тән әдісі, ұстанар жолы

және алға қойған мақсаттары бар.

Сопылық жолындағы пенде әрбір мәртебеде

белгілі мерзім тұрып, өзінің әрекеті және

ыждаһаты арқасында келесі мәртебеге өсіп оты-

ырады. Ал келесі мәртебеге жету үшін, өсу үшін

рухани тазаруы және көп еңбек етуі қажет.

Сондай-ақ, сопылық жолындағы пенденің

бойында қас қағым сәтке ғана келіп кететін

салқын самал тәрізді жағдай болады. Бұл халге

жеткенде рух пенденің бойына өзінің хош иісін

тастайды. Сонда оның рухтың самалын қайта

сезінуге деген құштарлығы оянады. Мұны ахуа-

ал дейді.

Әл-Жунайд ахуал жайлы: «Ахуал жүрекке

түсіп әсер етіп көп ұзамай кететін жағдай»,-дег-

ген.

«Аухал Алланың сыйы, ал мақам пенденің

еңбегінің жемісі», «Ахуалдар жомарттық

қайнардан келсе, мақамат еңбекпен яғни, пешен-

не терімен келеді» деген сөз бар.

Бұл жолдағы пенденің алғашқы дәрежесі

Алланы және пайғамбарды сүюі, оның дәлелі

болып пенденің пайғамбардың жолына

толығымен берілуі болып саналады.

Содан соң «үлгілі жол бастаушы» (сендердің

пайғамбарларың барлық істеріңде үлгі, деген

мағынадағы аят бойынша).