ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
228
Бишр бин әл-Харис: «Сопылық Алла үшін
жүрегін таза ұстаушы».
Әш-Шиблий: «Тасаууфтың басы Алланы
танумен басталып, соңы таухидпен бітеді»,-
дейді.
Қушайрия кітабының авторы әл-Қушайрий:
«Тақуалық күмәнді нәрселерден қашықтау»,-
деген.
Сопылардың атақты тұлғаларының бірі
Рабиға әл-Адәуия. Ол тақуалық пен «Иләһи
ишқ» деп аталатын махаббатты біріктірген,
сопылық әдебиетінің дамуына үлес қосқан
әйел.
Ибрахим бин Адхам да сопылығымен
аңызға айналған адам. Ол әмірлік қызметі мен
байлығынан бас тартып, тақуалық пен сопылық
жолына түскен кісі.
Суфян әс-Саурий (97-161х.ж.): «Тақуалық
дегеніміз дүние деп қиялға берілмеу және ішіп-
жеу мен киінуге қатаң талап қою деген сөз
емес»,-дейді.
Зуннун әл-Мисрий тақуалық мектебінің
түлегі, сопылық танымын қалыптастырған
алғашқы ғалым саналады. Оның: «Тәңірімді өз
Тәңірімнің көмегімен таныдым, егер Тәңірім өзі
білдірмегенде, мен өз Тәңірімді білмеген болар
ем»,- деген екен.