Previous Page  226 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 226 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

226

шеңберінде өмір сүруге шақыратын топ пайда

болды. Содан бұл діни қозғалыс тариқат деп

атала бастады. Алғашқыда нәпсі тәрбиесіне

ұмтылған сопылардың көбі кейіндеу тақлид

(яғни, бұрынғылар ұстанған Құран мен суннет)

жолымен емес, бірте бірте өздерін үнді, парсы,

грек сияқты християндық мифология араласқан

философия арқылы тәрбиелеуге, Алланы

тануға ұмтылып, нәтижеде ислам шариғатынан

ауытқыды.

Сопы деген сөзге әртүрлі түсінік берілг-

ген. Мысалы: һижри жылдың 597 жылы дүние

салған Ибн Жаузий ал-Бағдадий: «Сопылық

ислам дініне дейін пұтқа табынушы болған,

жаһилдік ғасырда өмір сүрген Әл-Ғус бин

Мурр деген кісінің атымен аталады» десе, Әл-

Бируний және Фун Хаммер: «Тасаууф сөзінің

түбірі «саффа». Бұл философия сөзінің екінші

қосындысы «сафия» сөзімен түбірлес. «Сафия»

грекше «даналық», «фила» латынша «ғылым»

дегенді білідіреді. Сонда сопылық сөзінен

«даналық ғылымы» деген мағына шығады»,-

деп түсіндіреді.

Сопылықты «суф»-«жүн» деген сөзбен байл-

ланыстыратындар да бар. Өткені алғашқы соп-

пылар үнемі жүннен тоқылған киім киген екен.

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)