231
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
соңғысы деп санап, уахдат әл-ужуд (пантеизм)
медресесін ашты. Ол Андалусияда туылып,
Шамда өмір сүрді, сонда жерленген. Қазіргі
таңда қабірі – зиярат орыны. Оның мынадай
мәшһүр сөзі бар: «Күллі жаратылыстың ішінде
тек адам ғана иләһи сипаттарға бөлене алады,
егер ол Алланың бірлігіне ене алса». Ол 400-ге
жуық кітаптың авторы. Оның «Рух ал-Қуддус»
кітабын ең атақты деуге болады.
Әбу Хасан әш-Шазилий (593-656х.ж.) –Шаз-
зилия тариқатының негізін қалаған. Оның: «Біз
Аллаға иман және сенім көзімен қарағандықтан
дәлел мен айғаққа мұқтаж емеспіз» деген сөзі
бар.
Сондай-ақ, сопылықта төрт белгілі құтұп
бар. Олар: Абдулқадир әл-Жейланий, Ахмад
әр-Руфағий, Ахмад әл-Бадауий, Ибрахим бин
Адхам.
Сопылардың тағы бір танымал тұлғасы
франциялық философ Рене Жену. Еуропада
тасаууфты ұстанған, өзіне Абдул-Уахид Яхия
деген ат берген. «Рамзия ас-Салбия» және «аш-
Шарқ уа ал-Ғаб» кітаптарының авторы.
Сопылық – мақамдардан тұрады. Яғни,
сопылық: құлшылық етуші (ғабид), тақуа (зах-
хид) сияқты бірнеше мақамдарға бөлінеді.
Мақамдардың өзара айырмашылықтары болып,