Previous Page  246 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 246 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

246

жамағатының зікірі» атты кітабы жамағаттың

қадірлі де қасиетті кітабы болып саналады.

Мұсылмандарды кәпірге шығару мәселесі

баяғыдан, яғни сонау хауариждер дәуірінен

келе жатыр. Хауариждердің ғылыми және

практикалық еңбектері бірнеше ұрпаққа жет-

тіп келген. Біздің заманымызға келіп сол

діни көзқарастардың қайта оянуына ислам

қоғамдарындағыбұзықтықпенқұдайсыздықтың

өріс алғаны, ислам әрекеттеріне қарсы соғыс

жүргізіліп, түрмеге түскен дағуатшылардың

қатал тәртіп пен ащы азап көрулері себеп

шығар.

Тәкфир жамағаты діннің ақиқатын білмейд-

ді, дәлел-құжаттарды түсінуге зер салмайды,

харам үкімдерінде нормадан шығады, діни

көзқарастары тұрақсыз, тарихты, саясатты,

өмір мен барлықты және әһл сунна уал жамағат

бағдарламасын түсінгісі келмейді.

Тәкфир мұсылмандардың арасына іріткі

салып, олардың бірлік-ынтымағын кетіреді,

үлкен дау-жанжал шығарады, мемлекеттің саяс-

си-экономикалық бағдарламасының нығаюына

бөгет салады, әрқандай террорлық актке дайы-

ын тұрады, халықтың дінге болған ықыласын

сөндіреді т.б. зияндарды келтіреді.