Previous Page  244 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 244 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

244

мағынасы тәрк ету, көшу, қоныс аудару, үзілу.

Олардың қолдануы бойынша, һижрат-бұл над-

дан елден, қоғамнан өзін алып қашу, олармен

әрқандай қарым-қатынасты үзу. Өзінен басқа

барша адамдарды надан, жәһил деп білу. Бұл

жерде мекен үзілісі мен ой-сана үзілісі назарға

алынған. Қоғам мен мекен Расулуллаһ (с.ғ.с.)

пен сахабалардың кезіндегідей болуы керек,

дейді.

Олар: «Қазіргі кезде идеялогиялық

күрес қажет. Ол тек тәкфир жамағатының

бағдарламасы арқылы жүргізілу шарт. Ислам

дінінің күші, мұсылмандардың жігері жетерлі

болмағандықтан жиһад соғысын тоқтата тұру

керек»,-дейді..

Олар: «Ислам тарихының мұсылмандарға

ешқандай мәнділігі жоқ. Ең жақсы тарих

Құран кәримде келген тарихи оқиғалар. Исл-

лам ғұламаларының сөздері, тәфсир және

ақаид кітаптарының бірде-бір құндылығы жоқ.

Өйткені, ол ғұламалардың бәрі діннен қайтқан

сатқындар», деп айтады. Жамағат: «Құран

мен хадистерге ғана сүйенеміз», дегенімен,

сөздерінен таяды. Өйткені, Құран мен хадис

өз үкімдеріне сәйкес келсе, оны дәлел ретінде

алады. Ал, үйлеспесе, айлакерлік жолына түсе

қалады.

Олар: «Жамағат баршаны сауатсыздыққа,