27
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың
хадис шәріптері, Әбу Ханифа (р.а.) мазһабы
ғалымдарының «Фәтауа әл-Аләмгирия»-«әл-
Аләмгирия пәтуалары», «Шарх әл-Һидая»-«әл-
Һидаяға түсіндірме», «Шарх Фатх әл-Қадир»-
«Фатх әл-Қадирге түсіндірме», «әл-Бахр ар-
Раиқ», «Ат-Табиин», «Татархания», «Жауһара
ан-Наййара», «әл-Мухит ас-Сарахси»- «ас-
Сарахсидің Әл-Мухиты», «Әл-Жазири аш-
Шейх Абд ар-Рахман әл-Жазири»-«Шейх Абд
ар-Рахманның әл-Жазириі» еңбектерге сүйеніп
жазылды. Өйткені Орта Азия және Қазақстан
мұсылмандары осы мәзһаб бойынша амал етеді.
Пәтуада халықтың шариғат үкімдеріне қайшы
келмейтін салт-дәстүрлері де ескерілді.
Барлық мақтау Алла тағалаға тән.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) пен оның
үй-iшi һәм сахабаларына Алла Тағаланың рах-
хымы болсын және нұры жаусын!
Шынындаөлiмхақжәнеоләрбiржаратылған
жандының соңы болып табылады. Алла тағала
Құран Кәрiмде ол жайлы:
“Өзектi жанда өлмейтiн пенде жоқ.
Сендердiң игiлiктi iстерiңнiң бодауы қиямет
күнiнде толық қайтарылады. Тозақтың бетi
әрi болып, ұжмаққа кірсеңдер – мұраттарыңа
жеткендерiң.Дүниедеген–опасызтiршiлiктiң
алдамшы қызығы”, -
дейдi.
(«Әл Имран» сүресi, 185-аят)