33
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осылай еткенi және
осылай айтқаны риуаят етілген.
ІІ. Мәйiттi жуар алдында не iстеу керек?
Адам жан тапсырған соң жағын иектiң
астынан жоғары қарай жалпақ шүберекпен
байлап, аяқ-қолын дұрыстап, мәйiтті жоғары
жатқызып, киiмiн шешiп, үстiне жамылғы жауы-
ып қою мұстахаб.
Марқұм дүние салған соң, оның қайтыс
болғаны туралы жариялап, жерлеуге асығу да
мұстахаб.
ІІІ. Мәйiттi жуу рәсiмдерi
Мәйiттi жуу тiрiлерге парыз кифая
(мұсылмандардың бір тобы оны орындаса,
қалған жамағаттың мойнынан жауапкершілігі
түсетін амал). Яғни сүйекке бiрнеше кiсi кiрсе,
басқалардың мойнынан парыз түседi. Шамсудд-
дин Сарахси өзінің «әл-Мабсут» атты еңбегінде:
«Мұсылман мәйіттің жуылуы мұсылмандар
мойнындағы
міндет»,-
деген.
Хазреті
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Мұсылманның
мұсылманда алты хақысы бар»
,-дейді. Осы
алты хақының бірі жан тапсырғаннан кейін
мәйітті жуу. Мәйiттi бiр рет жуу парыз, бірнеше
қайтара тақ (3, 5 рет) етіп жуу сүннет.