ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
34
IV. Мәйiттi жуу шарттары
1. Мәйiт мұсылман болуы ләзім.
2. Өлi туған болмауы тиіс.
3. Мәйiт денесiнiң жартысынан көбi немесе
басымен бiрге жартысынан көбi яки басымен
бiрге жарты денесi болуы қажет.
4. Мәйiт шәһид (Аллаһ жолында қаза тапқан
адам) болмауы керек.
Өйткенi хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)
Ухұд маңындағы соғыста қаза тапқандарды:
حدثنا أبو الوليد قال حدثنا ليث عن إبن شهاب عن عبد
الرحمن بن كعب عن جابر. قال ، قال : النبي صلي الله
تعالى عليه و سلم : « أدفنوهم في دماءهم يعني يوم أحد و
.»لم يغسله
“Оларды денелерiндегi қандарымен бiрг-
ге (жумай) жерлеңдер”,
- деген. Яғни Ухуд
соғысында қаза тапқандар жуылмады. Су жоқ
жерде немесе жуу үзірлі жағдайда (мысалы
мәйiт жанып кетсе, немесе үстіне су құйғанда
ыдырап тұрса) мәйiтке тәйаммум (сусыз жерд-
де таза жерге не топыраққа қол соғып алатын
дәрет) жасау – жуу деп есептеледі. Мәйiтке су
құйғанда терiсi ыдырамаса, тәйаммум жасалм-
майды. Ал мәйіт тәяммум жасауға да келмесе,
суды себелеп құю ырымын жасауға болады.