37
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
Мәйіт бір немесе екі жуғаннан кейін-ақ тазарс-
са да 3 реттен кем немесе артық жуу - мәкруһ
(жағымсыз, ұнамсыз, жаман іс-әрекет). Бұған
Ислам ғұламалары бірауыздан келіскен. Ал егер
де мәйiт 3 реттен кейiн де тазармаса, оны саб-
бынмен тазарғанша жуу керек. Сонымен қатар
мәйiттi барынша тақ жуу мұстахаб (мысалы
4 реттен кейiн мәйiт тазарса да тақ болу үшiн
5-реттi қосу керек). Бұл Әбу Ханифа мазһабы
ғұламалары келіскен үкім.
VII. Мәйiтке иiс май қосып жуу
Мәйiттi жуатын соңғы суға камфор
өсiмдiгiнен жасалған иiс су немесе соған ұқсас
иiс май араластырып жуу мұстахаб, әсіресе
камфор иiс суы абзалырақ. Ақырғы рет жуат-
тын судан басқа яғни алдыңғы суларға өсімдік
жапырағын қосып немесе иіс сабынмен жуу
мұстахаб.
VIII. Мәйiттi жылы сумен жуу
Мәйiтті барлық уақытта жылы сумен жуу
абзал. Ас-Сархасидің “әл-Мухит” атты кітаб-
бында және “әл-Аламгирия пәтуаларында” һәм
“Бахр ар-Раиқта” да:
«Біздің мазһабымызда
барлық уақытта жылы су абзалырақ»,
-дел-
лінген.