ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
42
парыз кифая болады. Тағы екi рет жуу (үшке
толтыру) сүннет. Кейiн мәйiттi оң бүйiрiне
жатқызып, бастан-аяқ әуелдегідей сол бүйіріне
үш реттен су құйып жуып шығады. Содан соң
оны сүйеп отырғызып, жай iшiн басып сипау
керек. Егер артынан нәжіс шықса жуып тас-
стайды. Содан кейiн мәйiттiң сол жақ бүйiрiне
жатқызып, оң жақ бүйірінен су құю керек.
Бастапқы 2 ғұсылда мәйiттi жылы сумен саб-
бындап жуу қажет. Үшiншi рет жуғанда, cуға
камфор иiс суы немесе иiс май қосылады. Кейi-
iн мәйiттiң денесi құрғатылады. Сосын иiс май
жағу мұстахаб.
ХV. Кебiндеу
Мәйітті кебіндеу мұсылмандарға парыз киф-
фая. Әл-Аламгирия пәтуәларында және «Фатх-
ху-л-Қадирде» де парыз кифая делінген. Кебiн
мәйiт денесiн түгел жауып тұруы керек. Мәйіт
ер яки әйел болсын, егер кебiн келте болса,
мұсылмандар мойнынан парыз түспейдi. Кеб-
бiн ақысы мәйiттiң өз мал-мүлкi есебiнен алын-
нуы уәжiп. Мал-мүлкi болмаса кебiн ақысын
туыстары мен одан жақсылық көрген кiсiлер
төлейдi. Егер әйелі қаражатты болса да әйел
кебiнiнiң шығынын күйеуiнің өтеуі мiндет.
Туыстарының кебіндеуге жағдайы болмаса,