Previous Page  38 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 38 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

38

IХ. Мәйiттiң басы мен сақалына иiс май

жағу

Мәйiтті жуып болған соң басымен сақалына

иiс май жағу мұстахаб, бiрақ ол шафран гүлiнен

жасалған иiс су болмауы керек. Сондай-ақ сәжде

кезiнде жерге тиетiн дене мүшелерi: маңдай, екi

қол, екi тiзе және екi аяқ башрайларына, соным-

мен қатар мәйiттiң көзiне, құлақтарына және

қолтықтарына иiс май жағу мұстахаб, және де

иіс майы камфор суы болса жақсырақ.

Х. Ғұсылдан бұрын мәйiтке дәрет

алдыру

Тiрi адамның ғұсыл құйынатыны сияқты

мәйiтке де аузыменмұрнына су құймастан дәрет

алдыру мұстахаб. Мәйiттiң аузы мен мұрнына

су кірмейтін болғандықтан су алынбайды. Бiрақ

бас бармақ пен сұқ саусақты шүберекпен орап,

оны сулап мәйiттiң аузына, қызыл иегіне және

мұрнына мәсiх (дәрет алғанда иегінен желкес-

сіне дейін, құлағын, мойнын қоса және мәсі

кисе аяғының үстіне сулы қолмен сипау) тарту

мұстахаб. Бұл аузы мен мұрнын шаю орнына

жүредi.

ХI. Мәйiттi қандай адам жуу керек?

Мәйiттi жуатын адам әдептi де тақуа бол-

луы мұстахаб. «әл-Аламгирия пәтуасында» да