39
ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
осылай делінген. Мәйiттi жуу кезiнде, мәйіттің
кемшілігін (иістенгені, немесе беттері тілім-
тілім болып кеткенін) жасырып, мәйiттiң жүзi
жарқырап, не денесiнен жақсы иiс шығып
тұрғанын ғана айту мұстахаб. Мәйітті жуып
болғаннан кейін кебіндемей тұрып мәйiт денес-
сiн құрғатып сүрту қажет.
ХII. Мәйiтке жасалуы мәкрүһ
(жағымсыз іс-әрекет, ұнамсыз амал)
болатын нәрселер
Мәйіттің сақалы-шашы таралмайды. Сонд-
дай-ақ
мәйiттiң шашы, тырнағы алынбайды,
сақал-мұрты қысқартылмайды, қолтығы мен
әуретті жерлеріндегі түктерiн тазалауға болм-
майды. Мәйiт қайтыс болғанда қандай күйде
болса, сол күйiнше жуып жерлеу керек, егер
шашы немесе тырнағы түсiп қалса, өлiкпен бiрг-
ге көму үшін оларды кебінге салып қою ләзім.
Бұл Әбу Ханифа мазһабы ғұламалары келіскен
үкім. Ас-Сархасидің «әл-Мухит» атты еңбегінде
және басқа да кітаптарда:
«мәйіттің шашы
мен сақалы таралмайды және тырнақтары
мен шаштары алынбайды»,
сондай-ақ Бурх-
хан ад-Дин әл-Маргинанидің «Һидаясында»
да:
«мұрты басылмайды, қолтық және дене
түктері қырылып тазаланбайды»,
- делінген.