Previous Page  41 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 41 / 318 Next Page
Page Background

41

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

ды. Ал егер мәйіт туылғанда дауыс шығармаған

шарана болса дәрет алдырмайды, жаназа

оқылмайды.

Мәйітті жуғанда екі қолынан емес бетінен

бастап жуады.

Абд ар-Рахман әл-Жазиридің «әл-Жазири»

атты кітабында:

«әдетте адам денесін өзі жуат-

тын болғандықтан екі қолының таза болуы

қажет. Сондықтан да дәрет алу үшін адам

алдымен екі қолын жуады. Ал мәйітті басқа

адамжуатындықтан әуелі оның бетінжуумен

бастайды. Жуушы сулы шүберекке оралған

саусақтарымен мәйіттің аузы мен мұрнын

шаю үшін ысқылайды. Кейін мәйіттің сақал

немесе шашы бар болса, оны сабын немесе

сабынға ұқсас нәрсемен жуады»,-

дейді. «ат-

Табиин» және ат-Тахауидің «Шархында»:

«егер

мәйіттің шашы болса тірі адам секілді жуынд-

дырылады. Егер мәйіттің шашы жоқ болса,

сабынсыз таза сумен жуу жеткілікті»,-

делінг-

ген. Мәйіттің басына мәсіх (қолды сулап, сүрту,

сипау) тартылады. Оң жағынан бастап жуу үшін

мәйітті сол жағына жатқызып, басынан аяғына

дейін 3 рет су құяды. Мәйіттің арқасын жуу

үшін етпетінен жатқызуға болмайды. Су екінші

жағына жету үшін әрі-бері қимылдатылады.

Мәйiттiң бүкiл денесiне бiр рет су тисе,