Previous Page  43 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 43 / 318 Next Page
Page Background

43

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

мұсылман жамағатына, яғни жағдайы бар кісіге

жүктеледі. Кебiн үкiмi сияқты мәйiттi жерлеу

рәсiмi де қауымға мiндет.

ХVІ. Кебiннiң түрлерi мен сипаттары

Кебiннiң жақсысы – ақ түстiсi. Оның жаңа

немесе ескi болуышарт емес. Тек мәкрүһ болған

нәрсемен кебіндеуге болмайды. Мысалы ер

адамдарды жібек сияқты маталармен кебiндеу

мәкрүһ. Алайда ондай маталар әйелдерге хал-

лал.

Кебiннiң үш түрi бар:

Сүннет кебiн;

Кифая кебiн;

Зарурат кебiн.

I. Сүннет кебiн:

Ерлерге де, әйелдерге де

қажет 3 қабат кебiн, яғни қамис (көйлек), изар

(шалбар) және лифафа (сырт орау). Қамис

мәйiттiң мойнынан балтырға дейiн, ал изар мен

лифафа басынан аяғына дейiн жететiн болуы

керек. Әйелдерге қосымша бастарына химар

(орамал) және көкiректерiне байланатын кеу-

удеше керек. Әйелдердiң кебiнi 5 қабат болад-

ды. Көйлектерiнде жең болмайды және оның

ешбiр жерi ашық қалмауы тиiс. Ал лифафа

мәйiттiң бас және аяқ жағынан да байланатынд-

дай артығымен алынады. Кебiндегенде мәйiттiң