ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ
30
«Һидаясында»: Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
«Жан
тапсырайын деп жатқан адамға «Лә иләһә
иллаллаһ» деп айтып тұрыңдар»
, - деген хад-
дисіне қоса, шәһадат кәлимасын айт дейді.
«әл-Бахр ар-Раиқта» да:
«Өлім халінд-
де жатқан адамның қасында шаһадат
кәлимасын айтып тұр»,
- делінген.
Өлім халінде жатқан адамға қырылдап
қалмай тұрып
«Әшһәду әллә иләһә иллалла
уә әшһәду әннә Мухаммадар расулуллаһ»,
-
деп кәлиманы жай дауыспен айтып тұру керек.
Бiрақ айтпаймын деп қалмасы үшін
“Лә иләһә
иллаллаһ”
сөзін айту үшін қинамау керек.
Өйткені ол оны айтудан бас тартса, жұрт жаман
ойлап қалуы мүмкін. Сондықтан да
“Лә иләһә
иллаллаһ”
дегенненсоңдүнияуисөзсөйлемесе,
оған аталмыш кәлимәнi қайталатудың қажетi
жоқ. Ал егер аталмыш кәлимәдан кейiн дүнияуи
сөз сөйлеп қойса, онда кәлимәнi қайта айтқызу
керек. Өйткенi оның аузынан бұл дүниеде
шыққан соңғы
“Лә иләһә иллаллаһ”
кәлимасы
болуы тиiс.
Жан тапсырайын деп жатқан кісінің жан-
нында бала-шағасы мен ең жақын адамдары
және дос-жарандарының болуы мұстахаб.
МауланаНизамәл-Аламгирияфәтуәларында
да:
«Қасында тұрған кісілердің сырқатқа
дұға етуі- мұстахаб»
,-делінген.