Previous Page  28 / 318 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 28 / 318 Next Page
Page Background

ПәтуәЛАР ЖИЫНТЫҒЫ

28

Сондықтан да ақыл-есi дұрыс адам ажал

жетпей тұрып Алла тағалаға құлшылық етiп,

өзiне жүктелген парыздарды өтеуi тиiс.

Пайғамбармыз (с.ғ.с.) хадис шәріпiнде:

قال صلى الله تعالى عليه و سلم: «أكثروا ذكر هادم اللذات

»الموت

رياض الصالحين

“Дүние ләззәттарын жермен-жексен етет-

тін ажалды естерiңе алыңдар”

,- деген.

І. Жан тәсiлiм халiндегi адам жайлы

Жан тапсырайын деп жатқан адамды оң

бүйiрiне жатқызып жүзiн құбылаға бұру сүннет,

яғни хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз

істеген амал. Себебі хазреті пайғамбарымыз

(с.ғ.с.) Мәдинеге келген кезде Барр ибн Маър-

рур деген кісі жайлы сұрады. Сахабалар (р.а.):

«Ол дүниеден өтті. Малының үштен бірін

саған беруді және жан тәсілім етерде жүзін

құбылаға қаратуды өсиет етті», - деп жауап

берді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Онда ол исл-

ламды таңдапты. Малының үштен бірін бал-

ласына қайтардым», - деген. Маулана Низам

әл-Әламгирия пәтуәларында да: «Жан тәсілім

халіндегі кісі оң бүйіріне жатқызылып жүзі

құбылаға қаратылады. Бұл сүннәт амалы»,-дел-

лінген.