261
Намаз
болса да, тамшылардың жер бетіне түсетін жылдамдығы
орташа алғанда 8-10 км/сағ-дан аспайды
296
.
• Атақты батыс-шығыс ғалымдарының Құранға
таңғалып, оның иләһи кітап екендігін мойындап, рас-
тауы ойланғанға ғибрат. Мысалға: C. Харт:
Құранның
Аллаһ тарапынан Пайғамбарымызға (с.а.у.) уахи арқылы
жіберілгендігін, Жан Поуль Роул: Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) ең үлкен мұғжизасының періште арқылы
жіберілген Құран Кәрім екендігін..., Виктор Имбер-
дес: Құранның бүтін заң негіздеріне қайнар көзі бола
алатындай бай кітап екендігін..., Доктор М. Букайле:
Құранның көптеген ғылыми жетістіктердің негізін
қамтығандығын толық зерттеп және ондағы басқа да
ақиқаттарға тәнті болып, мұсылман болғандығын...,
Mr. Родвел: Құранды оқыған сайын таңғалатындығын...,
Гете: Бұл кітап (Құран) мәңгілік қуаткүштің қайнар
көзі болып қала бермек... Капитан Кусто: «Қазіргі
ғылымды он төрт ғасыр артқа тастаған Құранға
ант етейін, ол – Аллаһтың хақ сөзі»
десе, Абай атамыз:
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта
жалған болмас»
, – деп Құранның хақ екендігін бір-ақ
сөзбен тамаша түйіндеген.
Жолаушылық
Бір адам тұратын жерінен алыс жерге жолға
шыққаннан бастап, жолаушы саналады. Жолаушының
парыз намаздары қысқарады. Ғалымдардың есебі бойын-
ша, жаяу жүрген адам үш күндік жол жүрсе, яғни, шама-
мен 85-90 шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса,
296
Адем Якуп, Куран мужизелері. Несил Матбажылык, 2003 ж.