262
Ислам ғылымхалы
жолаушы саналады. Қазіргі замандағы көліктер де бұл
үкімді өзгертпейді. Бұл шақырым жаһандану әлеміне
сай келсе де, келмесе де ғалымдардың берген фәтуасы
осылай. Әлемде көптеген ауылдар бар. Әркімнің шамасы
бір емес. Дінде жеңілдік бар. Құранда Аллаһ Тағала былай
дейді:
«Жер жүзінде сапарда болған уақыттарыңда,
кәпірлердің өздеріңе бір қастандық істеуінен
қорықсандар, намаздарыңды қысқартуларыңда күнә
жоқ»
297
.
Бұдан басқа қажылық, умра және ғазауатқа шыққан
кезінде Пайғамбарымыздың (с.а.у.) төрт рәкат намазын –
екі рәкат етіп қысқартып оқығаны жайлы көптеген хади-
стер бар. Яғни, төрт рәкат парыз намаздар екі рәкат етіліп,
оқылады. Ақшам мен таң намазы қысқартылмайды.
Жолаушылық үкімі қай жерден басталады?
Тұрған мекенінің (қала, ауыл) соңғы үйлерінен
өткен уақыттан бастап жолаушы саналады. Қаламен
бітісе орналасқан ауылдар да қала саналып, олардан
өткен кезде ғана жолаушылық үкімі жүреді. Яғни, на-
маздарын қысқартып оқи алады. Қала біткеннен кейін
кездесетін бірең-саран үйлер есепке алынбайды.
Жолаушы өз жерінен бөгде жерге барып, сол жерде
он бес күн, яки одан да көп мерзім қалуға ниет етсе,
тұрғын саналып, жолаушылық үкімінен шығады. Егер де
он бес күннен аз қалуға ниет етсе, намаздарын қысқартып
оқиды. Жолаушы үйіне қайтып келгенге дейін жолаушы
саналады. Негізгі тұрған жерінен көшіп, басқа жерге
толық орналасқаннан кейін, көшкен жеріне он бес күннен
аз мерзім үшін қайта келсе, намазын қысқартып оқиды.
297
Ниса, 4/101.