Previous Page  295 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 295 / 520 Next Page
Page Background

295

Ораза ғибадаты

Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау.

Шариғат терминінде ораза – ұстауға күші жеткен адамның

ниет етіп, екінші шапақтан бастап, күн батқанға дейін

оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір

уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның

парызы – ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.

Оразаның уақыты: Таңның атуынан күннің батуы-

на дейінгі уақыт. Күн мен түн болмаған жерлерде сол

аймаққа ең жақын жердегі күн мен түні бар аймақты

негізге ала отырып ораза ұстайды. Аллаһ Құранда былай

дейді: «Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле)

ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны

кешке дейін ұстаңдар»276

309

. Мұнымен күн мен түннің

арасындағы шекараны айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.у.)

«Біләл түн уақытында азан оқиды, ибн Умми Мәктумның

азанына дейін ішіп-жеңдер»

310

. Яғни, Біләл сәресі үшін

ибн Мәктум болса таң намазы үшін азан оқитын.

Оразаның парыз болуы

Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың

біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Аллаһ

Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге

бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»

311

.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен

309

Бақара, 2/187.

310

Бухари, Азан, 11.

311

Бақара, 2/185.