299
Ораза
Айтта сезімдер өте жұмсап, адам жаны қатты
жеңілдейді де, ақыл мен жүрек бір-бірімен қосылып
кетеді. Адам кейде осы бір деңгейдегі өзгерістерге
қарап, қатты таңданады. Бәлкім, сол сәтте ол адамдық
құндылықтарды еске түсіргені үшін айттың қайта-қайта
келуін қалайтын да шығар...
Иә, айтты барлық иманды жандар іштей сезінеді.
Біздің өлкемізге аса нәзік, аса сүйкімді, аса тәтті болып
келеді. Мыңдаған жылдан бері қадірлі қонақтай келіп,
құт-берекесін шашып, мейірім-шапағатымен құшақтаған
айтты қашан да үйімізде, мешіт, мінәжатхана мен
көшелерде көріп келген сәтте-ақ құшағымызды ашып
тұра жүгіреміз. Иә, айт әр келгенінде сана-сезімімізге
қатты әсер етіп, өзімізді құшағында тұрғандай сезінеміз.
Сонда біз оны бейне бір аңқыған жұпар иіс, тіл мен
тамағымыздағы ләззат, жүректе сезілген тәттілік, ой-
өрісімізге жаңа атқан таңдай сезіне кетеміз. Ол да күннің
әр сағатында бізге тілмен жеткізе алмайтын ғажайып
әуенін шарықтатып ала жөнеліп, айналасын баурап алып,
бәрімізді өзінің ақыреттік бағына қарай тартады. Ой-сана
мен қиял-әлемімізді ғаламат суреттермен безендіреді. Бір
күні алыстап кетсе де, ой-санамызда әсем түстердей сол
бір суреттер сақталып қала береді...».
2. Ораза жамандықтан сақтайды
Ораза адам жанын тазартып, жаман қылықтардан
сақтайды. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді.
«Ей,
иман еткендер! Күнәлардан сақтанып, тақуалыққа
жетулерің үшін сендерге бұрынғыларға парыз
етілгендей ораза парыз етілді»
313
.
313
Бақара,2/185.