Previous Page  303 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 303 / 520 Next Page
Page Background

303

Ораза

Жарықтық Абай атамыздың:

«Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі,

Қай жерінде кедейдің тұрсын күйі?

Қара қидан орта қап ұрыспай берсе,

О да қылған кедейге үлкен сыйы.

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,

Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.

Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,

Ағып жүріп ойнатар көздің жасы», – дегенінде үлкен

мән жатқан жоқ па? Кейде адам байлыққа батқан соң,

айналасын ұмыта бастайды. Бірте-бірте аңғалдықтың

құрығына түседі. Осы сәтте оның өмірге деген көзқарасы

өзгереді. Нәпсісі аттан салып, бойдағы жанашырлық

сезімін тұншықтырып тастайды. Дәулетті адамы осын-

дай күй кешкен елден берекет кетеді. Бір мемлекетте

өмір сүрсе де, бай басқа әлемде, тұрмысы нашар халық

басқа бір әлемде жүреді. Мұндай қоғам ауыр дертке

душар болып, елде жүйе бұзылады. Ауқатты адамдар қол

астындағы жұмыс істеген адамдарына төбеден қарайды.

Алауыздық осындайдан туады. Байлыққа мастанған

қашан да бас пайдасын ойлайды. Мұндай кісі ешуақытта

жоқ-жітіктің халін ұға да, сезе де алмайды.

Адам ораза ұстап, сәресіден кешке дейін аш қалғанда

ғана айналасына басқаша қарай бастайды. Өйткені, ауыз

бекіткен ол күні бойы аш қалмақ. Аш адамның бой-

ында тасыған нәпсі бірте-бірте әлсірейді де, жүректің

тереңіндегі мейірім-шапағат сезімі оянады. Ол сонда

ғана аштықтың қандай екенін аңғарады. Өзінің де жай

ғана пенде екенін сезінеді. Ал оянған мейірім-шапағат

жалпы адамзатқа, тіпті әлемге деген сүйіспеншілікті

өзімен бірге ала келеді. Сонда әлгі кісі адам тұрмақ, жан-