305
Ораза
қадам басады да, орта жолда болдырып, күдерін үзеді.
Кейде шыдамы таусылып, қолын бір-ақ сілтейді. Міне,
ораза жүйрік пойыздай жүйткіген ғұмырда асқақ арма-
нына асыққан адамның иығына сабырдан садақ асады.
Ай бойы аш қалып, күндіз аузын ашпауға бекініп,
әбден дағдыланған адамның бойында сабырлылық пен
шыдамдылық сезімі күшейіп, өркен жаяды. Аштық пен
құмарлық сезімге сабыр қылған, өзгеге де сабыр ете
алады. Бойдағы ашу мен жеңілдігіне сабыр-тізгінін
салып, жанарында ойлылық пайда бола бастайды. Бұл
ғұмырда нағыз сабыр – өз нәпсісін жеңе біліп, Аллаһ
Тағаланың ақ жолында жүруге бел байлау. Ақырет
әлеміндегі асқақ шыңнан көз айырмау. Оразаға төзе
білген өзге ғибадаттарға да шыдамдылық таныта алады.
Сабырлылық күшіне ие болған жан ғана, діттеген
мақсатына жете алады. Құранда жетпіске жуық аятта
сабыр мадақталған. Мысалы: «Аллаһ сабыр еткендер-
мен бірге», – дейді. «Аср» сүресінде де Аллаһ Тағала:
«Заманға ант етейін. Шынында адам баласы сөзсіз
қасіретте. Бірақ иман етіп, ізгі іс істегендер, бір-біріне
ақиқатты айқындап, сабырлықты насихаттағандар
ондай күйге душар болмайды»
, – деп баян етеді.
Заманының үлкен ойшылы Имам Ғазали оразаның
үш түрі бар екендігін айтады:
Жалпыға тән ораза. Яғни, ішіп-жеуден, жыныстық
қатынастан аулақ тұру.
Аллаһ Тағаланың елден ерек құлдарына тән ораза.
Бұл – көз бен құлағын, аяқ-қолы мен өзге де мүшелерін
күнәдан сақтауы.
Аллаһ Тағалаға жақын адамдардың оразасы. Жүрегі
мен ой-сана әлемі Аллаһ Тағаладан өзге нәрседен пәк