311
Ораза
кейіннен уақыты шығып кеткенін білсе, оразасын қаза
етуі керек. Рамазан айы – ашық аспанда жаңа туған айды
көрумен немесе бұлтты күнде Шағбан айын отыз күнге
толтыру арқылы білінеді. Құранда Аллаһ:
«Кімде-кім
ораза айында болса, ораза ұстасын»
325
. Пайғамбарымыз
(с.а.у.):
«Жаңа туған айды көрген кезде ораза ұстаңдар,
екінші жаңа туған айды көрген кезде оразаларыңды
тоқтатыңдар. Егер аспан бұлтты болса, Шағбан
айын отызға толықтырыңдар»
326
, – деген. Басқа бір
хадисінде: «Ай жиырма тоғыз күн. Жаңа туған айды
көрмейінше, ораза ұстамаңдар. Егер аспан бұлтты болса,
Шағбан айын отызға толықтырыңдар», – дейді.
Аузы берік кісі күннің батып-батпағаны жайлы
күмәнданса, аузын ашпағаны дұрыс. Ораза ұстаған адам
анық уақытты білмесе, шамалаумен сәреге тұрып, шама-
лаумен ауыз аша алады. Шапақтың атқанын біле алмаған
адам ерте бастан қам жасап, аузын ертерек бекітіп, ал
күннің батқанын біле алмаған кезде, кештеу ашқан абзал.
Бұл – сақтық үшін жасалған шара. Бірақ қазіргі таңда
арнайы жасалған күнтізбелер бар.
Рамазан айының анықталуы
Шағбан айының жиырма тоғызыншы күнінен бастап,
жаңа туған айды іздеу – уәжіп. Рамазан оразасының
аяқталуы үшін де Шәууәл айын іздеу – уәжіп. Егер Ра-
мазан айы көрінсе, ертеңіне Рамазан оразасы бастала-
ды. Егер де аспан бұлтты болса, Шағбан күндері отызға
толтырылады. Одан кейін барып, ораза тұтылады. Сол
секілді Рамазан айының жиырма тоғызыншы күнінде
325
Бақара, 2/185.
326
Бухари, Саум,5; Муслим, Сиям, 4.