Previous Page  314 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 314 / 520 Next Page
Page Background

314

Ислам ғылымхалы

әйелдер және өзі немесе баласына зиян тиуі ықтимал

екі қабат әйелдер мен бала емізген әйелдерге де парыз

емес. Кәрі адамдар ораза орнына пидия береді. Олар

оразаның қазасын да өтемейді. Жолаушыға келсек, ол 90

шақырымнан астам жерге жолаушылап шықса, жолаушы

саналып, ораза ұстамауына рұқсат. Бірақ кейін ұстамаған

күндерінің қазасын өтейді.

Оразаның дұрыс орындалу шарттары

1. Хайыз бен нифастан таза болу:

Хайыз бен

нифас жағдайындағы әйелдер уақыты өткеннен кейін

оразаның қазасын өтейді. Бірақ бір адамның түнде немесе

күндіз жүніп күйінде болуы, ораза ұстауына кедергі емес.

Бірақ мүмкіндігіне қарай, ауыз бекітпес бұрын, ғұсыл

алу – абзал.

2. Ниет:

Барлық оразаға жүрекпен ниет ету –

жеткілікті. Бір адам түн жарымында ертеңгі күннің

ораза екенін біліп, бұл айда ораза ұстайтынын жүректен

өткізсе немесе сәреге тұрса, бұл ісі ораза ұстауға ниет са-

налады. Бірақ тілмен айту мәндүп. Барлық оразаға түнде

немесе таң уақыты кірмей тұрып ниет ету – абзал. Рама-

зан оразасына ниет етерде әрбір күніне жеке-жеке ниет

ету шарт. Себебі, әрқайсысы өз алдына жеке ғибадат.

Бұл – фақиһтердің басым көпшілігінің пікірі.

Оразаға ниет ету екіге бөлінеді. Бірінші – түнде

ниет ету. Бұларға қарыз болған оразалар жатады. Яғни,

Рамазан қазасы ұстап, бірақ аяқталмай қалған нәпіл

оразаның қазасы және кәффәрат оразасы мен жалпы

атау (нәзір) оразасы осы топқа жатады. Міне, мұндай

оразаны ұстайтын адамдар түнде немесе таң атпай тұрып

ниет ету шарт. Ақшам уақытында шешім қабылдау мен

сәреге тұру да ниетке жатады. Екінші – түнде ниеттену