315
Ораза
мен анықтау шарт емес оразалар: Бұған Рамазан оразасы,
уақыты белгіленген атау оразасы және мұстахап, мәкрүһ,
сонымен қатар, барлық нәпіл оразалар жатады. Мұндай
оразаларға ақшамнан бастап, ертесі күні түске дейін ниет
ете алады. Бірақ бесіннен бұрын мұндай оразаға ниет
ететін адам екінші шапақтан бері еш нәрсе ішіп-жемеген
болуы керек. Бесіннен бұрын нәпіл оразаға ниет ете
алуға мына хадис дәлел: Аллаһ Елшісі бір күні Айшаға
былай деді: «Бесінге тамақ бар ма?». Айша: «Жоқ», – деп
жауап қайтарды. Сонда Аллаһ Елшісі: «Онда мен ораза
ұстаймын», – деді.
Кісі түнде қандай да бір оразаға ниет етсе, бірақ
екінші шапақ атпай тұрып, ниетінен бас тартса, бұл бас
тартуы дұрыс саналады. Сол секілді оразасын бұзуға
ниет етіп, аузын ашпаса, оразасы дұрыс болып санала-
ды.
Ниет еткенде екі ойлы немесе шарт қою арқылы
ниет етпеу керек. Мысалы: «Ертең пәленше қонаққа
шақыра қалса, аузымды ашуға, егерде шақырмаса, ораза
ұстауға ниет еттім» дегендей ниет жарамсыз. Рамазан
түні немесе күндіз есінен танып қалып, түс уақытынан
бұрын айығып ниет етсе, оразасы жарамды. Бір адам
Рамазан айында уәжіп немесе нәпіл оразаға ниет етсе,
ол Рамазан оразасына ниет еткен болып саналады. Бұл
мәселеде мейлі тұрғын, мейлі жолаушы, тіпті науқас
адам болсын ешқандай айырмашылық жоқ. Сол секілді
бір оразамен әрі кәффарат, әрі нәпіл оразаға ниет етсе,
оразасы кәффарат ниеті үшін жарамды. Бірақ бір ораз-
амен әрі қазаға, әрі ант кәффаратына ниет етсе, екеуі де
жарамсыз. Мұндай ораза нәпіл оразаға айналады. Бір әйел
хайыз кезінде түнде оразаға ниеттенсе, екінші шапақтың