321
Ораза
оған қазасын өтеу міндетті емес. Өз қалауымен құсатын
болса, оразасын қаза етсін»
341
.
Жеуге жарамайтын әрі ұзақ тұру мүмкіндігі жоқ
нәрселердің тамақтан өтуі оразаны бұзбайды. Мысалы,
ауаға жайылған түтін, шаң оразаны бұзбайды. Көз бен
құлаққа сұйық дәрі тамызса, ораза бұзылмайды. Ал,
мұрынға тамызылса, бұзылады. Қазасы өтеледі.
Ораза кезінде ине салдыруға бола ма?
Ине ектірудің оразаны бұзып-бұзбауына байланы-
сты кейінгі Ханафи ғұламалары арасында екі түрлі үкім
бар.
А) Әбу Ханифаның «терең жараға жағылған дәрілік
майдың оразаны бұзатындығы» жайлы пікірін негізге
алған ғалымдар, ине арқылы тамырмен денеге бір
нәрсенің тарайтындығын алға тартып, ораза бұзылады
деген. Қоректік жағы дау тудырғанмен, қабылданған
ондай заттың денені күшейтетіндігі белгілі.
Ендеше, дәрі мейлі ауызбен ішілсе де, инемен
қабылданса да кәффаратты қажет етпейді, бірақ, ораз-
аны бұзады және қазасы өтеледі. Ине ектірген адам не
сол күні ораза ұстамауы не инені сәресі мен ауызашар
уақыттарына қалдырғаны жөн.
Ә) Ал Әбу Ханифаның шәкірттері Әбу Юсуф пен
Мұхаммедтің «терең жараға жағылған дәрілік май ораз-
аны бұзбайды» деген пікірін негізге алған ғалымдар,
ине ектірудің оразаны бұзбайтындығын айтқан. 1948
жылы Әл-Әзһар университетінің Фәтуа Комиссиясы
ине ектірудің оразаны бұзбайтындығы жөнінде фәтуа
341
Әбу Дәәуд, Саум, 33; Тирмизи, Саум, 24.