Previous Page  318 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 318 / 520 Next Page
Page Background

318

Ислам ғылымхалы

6. Аузы берік адамның жақсы сөздер сөйлеуі, бос

сөз бен орынсыз іс-қимылдардан бойын аулақ ұстап

байсалдылық танытуы – мұстахап. Пайғамбарымыз

(с.а.у.) былай дейді: «Жалған сөйлеу мен жалған

сөздермен әрекет етуді қоймаған адамның ішіп-жеуді

ғана доғаруы Аллаһқа қажет емес

335

. Басқа бір хадисінде:

«Небір ораза ұстағандар бар. Олардың оразасында

шөлдеу мен аштықтан басқа ешқандай пайдасы бол-

майды. Небір түнде тұрып, нәпіл ғибадат еткендер бар.

Бірақ бұл әрекетінен ұйқысыздықтан басқа ешқандай

пайда таппайды»

336

. Сонымен қатар, Рамазанда «Мен

оразамын» деу – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай

дейді: «Кімде-кім аузы берік болса, жаман сөз сөйлемесін.

Дауыс көтеріп, айқай шығармасын. Біреу оған тіл тигізсе

немесе онымен керіскісі келсе оған: «Мен оразамын»

десін

337

.

7. Аузы берік адам бос уақыттарын нәпіл

ғибадаттармен, ғылыммен, Құран оқумен, зікір, салауат

айтумен өткізу керек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Рамазанда

Жебірейіл екеуі бір-біріне кезекпе-кезек Құран оқып,

тыңдасатын»

338

.

8. Жалпы Рамазан айының ең соңғы он күнінде

иғтиқафқа кіру – сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.)

Рамазанның ең соңғы он күнінде көп ғидабат жасай-

тын

339

.

335

Ахмед ибн Ханбәл, VІ, 34.

336

Ибн Мажә, Сиям, 21.

337

Бухари, Саум, 2.

338

Бухари, Бәдул-Уахи, 5.

339

Муслим, И’тиқад, 8.