Previous Page  317 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 317 / 520 Next Page
Page Background

317

Ораза

куә. Сонымен қатар, ауызды құрма немесе сумен ашу –

сүннет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) осылай ашқан.

3. Ауыз ашарда мына дұғаны оқу – сүннет:

{أللّهُمّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكّلْتُ وَ على رِزْقِكَ

اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ ِ رَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدّمْتُ وَ ما

اَخّرْتُ}

Оқылуы:

«Аллаһуммәләкә сумтууәбикә әәмәнтууә

‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәл-

ғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә

қаддамту уә мәә аххарту».

«Аллаһым! Сенің ризалығың

үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузым-

ды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым.

Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет

еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды

кешір».

4. Аузы берік жандармен бірге ауыз ашу және жоқ-

жітіктер мен кедейлерге қол ұшын беру – мұстахап.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Аузы берік жанды

ауызашарға шақырып тамақ берген – ораза ұстаған

адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның

сауабынан да еш нәрсе кемімейді

334

.

5. Таң уақыты кірмей жүніптік, хайыз және нифас-

тан тазалану: Мұндағы мақсат – оразаны таза бастау.

Бірақ аузы берік тұрып, жуынуға да болатынын ескерте

кетейік. Мұндай кезде судың тамаққа кетіп қалмауын

қатты қадағалау керек. Әйелдің хайыз яки нифас мерзімі

түнде аяқталып, оразаға ниет етсе, және де жүніп кісі

жуынбай ораза ұстаса, оразасы жарамды.

334

Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 48.