Previous Page  316 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 316 / 520 Next Page
Page Background

316

Ислам ғылымхалы

атуынан бұрын хайыз мерзімі аяқталса, оразасы жарам-

ды. Қапастағы жандар Рамазан айының келгенін біле

алмай күмәнданса, өздерінің иштиһаттар – болжамдары

бойынша, шешім қабылдап, бір ай ораза ұстайды. Бұл

– құбыла мен намаз уақытының анықталуына ұқсайды.

Кейіннен рамазан күнінен кем ұстаған болса, ұстамай

қалған күндерінің қазасын өтейді. Егер Рамазаннан

бұрын ұстаған болса, бұл тек нәпіл оразаға жатады.

Ораза ұстағандар үшін мұстахап нәрселер

Ораза ұстағандарға мына нәрселерді жасау

– мұстахап.

1. Бір жұтым су да болса сәресіде тұрып, ішіп-

жеу. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда: «Сәресіге

тұрыңдар. Өйткені, сәренің тамағында берекет бар»

331

.

Басқа бір хадисінде: «Сәресі тамағы берекет. Бір жұтым

су да болса, оны тастамаңдар. Өйткені, Аллаһ сәресіде

тамақтанғандарға рақымдылық етіп, періштелері де олар

үшін кешірім тілейді»

332

, – дейді.

Екінші шапақ атқанға дейін сәресіні кешіктіру

де – мұстахап. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Үмбетім ауыз

ашарда асығып, сәресіні кешіктірген уақытта әрқашан

жақсылықта»

333

, – деген.

2. Ауызды ақшам намазынан бұрын ашу. Намазда

адамның көңілі ауыз ашуға ауып тұратындықтан, ауыз

ашуға асығу – мұстахап. Бұған жоғарыда айтылған хадис

331

Бухари, Саум, 20.

332

Ахмед б. Ханбәл, ІІІ, 44.

333

Бухари, Саум. 45.