313
Ораза
жылдардағы ораза секілді ғибадаттарына қаза керек
емес. Олардың бейне бір жаңа туған сәбидей барлық
күнәсі кешіріледі: Құранда Аллаһ Тағала: (Мұхаммед)
«Күпірлік еткендерге егер олар жамандықтан тыйыл-
са, өткен күнәлары кешіріледі. Ал егер олар қайталаса,
сонда өткендегілердің де үкімі орындалады» де»
328
.
2. Балиғат жасында болуы және ақыл-есі түзу болу:
Бала мен ақыл-есі ауысқан, талған адамға немесе мас
адамға ораза ұстау парыз емес. Бұлардың санасы толық
болмағандықтан, мұндай әмір оларға жүктелмейді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Үш адамға қалам
жазылмайды: Балиғат жасына жетпейінше балаға, ақыл-
есі түзу болғанга дейін ақылы кеміске, оянғанға дейін
ұйқыда жатқан адамға
329
. Яғни, сана аса маңызды.
Аллаһтың әмірі саналы жандарға келген. Жеті жасқа
кірген кезден оразаға күші жететін қыз бала мен ер
балаға ата-анасы ораза ұстатып үйрету керек. Мақсат
– балаларды оразаға баулу. Ақыл-есі кемтар не есінен
танып қалған адамдарға уақытша болса да ораза парыз
емес. Ақылға орнына келсе, қазасы өтелмейді.
3. Ораза ұстауға күші жету және тұрғын болу:
Науқас немесе жолаушыларға ораза парыз емес. Бірақ
ораза ұстаса, оразасы дұрыс. Ал ораза ұстамаса, басқа
күндері оразасын қаза етеді. Құранда олар жөнінде былай
дейді: «Ораза санаулы күндерде. Кімде-кім науқастанса
яки жолаушы болса, басқа күндері өтесін»
330
. Кәрілік
жасқа келіп, ораза ұстауға шамалары келмеген жандарға
ораза парыз емес. Сонымен қатар хайыз, нифас кезіндегі
328
Әнфал, 8/38.
329
Бухари, Талақ, 11. Әбу Дәәуд, Худуд, 17.
330
Бақара, 2/184.