310
Ислам ғылымхалы
болғандықтан күмән пайда болса, бұл күн «күмәнді күн»
деп аталады. Бұл күні ораза ұстау – мәкрүһ. Тіпті екі
күн бұрын да ораза ұстау – мәкрүһ. Пайғамбарымыз
(с.а.у.) былай дейді: «Рамазанды бір немесе екі күн
бұрын оразамен қарсы алмаңдар. Бірақ кімде-кім әдеті
болғаны үшін ұстаса (ұстап жүрген оразасы осы күнге
сейкес келіп қалса) ұстасын
323
. Кімде-кім осы күмәнді
күнді рамазан оразасынан деп ұстаса, ұстаған оразасы
мәкрүһ болумен қатар, кейіннен бұл күннің Рамазан
күні екені анықталған жағдайда, бұл ораза – Рамазан
оразасы саналады. Әйелдің күйеуінен рұқсат алмай
нәпіл ораза ұстауы – мәкрүһ. Ері оған бұзғыза алады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ері жанында бола
тұрып, рұқсатсыз ораза ұстаған әйелдің оразасы адал
болмайды»
324
. Қажылардың әлсіреп қалулары ықтимал
болғандықтан «тәруия» және арафа күні ораза ұстаулары
– мәкрүһ. Хайыз немесе нифас кезіндегі әйелдің ораза
ұстауы харам болып, оразасы іске аспайды. Қазасын
өтейді.
Оразаның уақыты мен Рамазан айының
анықталу жолы
Оразаның уақыты
Ораза уақыты – екінші шапақтан басталып, күннің
батуына дейінгі уақыт. Кейбір фақиһтер бойынша,
сақтық үшін алғашқы шапақта ішіп-жеуді тоқтатқан
жақсы. Кімде-кім шапақ жайында күмәнданса, сәресіні
тоқтатқан абзал. Бірақ кімде-кім тоқтатпай ішіп-жеп,
323
Бухари, Саум,5-14.
324
Бухари, Никах, 84-85.