307
Ораза
аламын», – деген кезде Аллаһ Елшісі: «Бұдан жақсысы
жоқ», – деп жауап қайтарды
314
.
Әр айда үш күн ораза ұстау
Әр айдың он үшінші, он төртінші, он бесінші күні
ораза ұстау – мұстахап. Әбу Зәрдың (р.а.) риуаяты бой-
ынша, Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Әр айда үш
күн ораза ұстағың келсе, айдың 13, 14, 15-ші күндерінде
ұста»
315
.
Әр аптаның дүйсенбі, бейсенбі күндері
ораза ұстау
Усама ибн Зәйдтің риуаят етуі бойынша,
Пайғамбарымыз (с.а.у.) дүйсенбі және бейсенбі күндері
ораза ұстайтын. Одан «Неге бұл күндері ұстайсыз?» деп
сұрағанда: «Адамдардың істері Аллаһқа дүйсенбі мен
бейсенбі күндері тапсырылады», – деді. Басқа бір риуаят-
та «Ұлы Раббыма менің істерімнің ораза ұстаған кезімде
ұсынылуын қалаймын», – деген қосымша сөзі бар
316
.
Шәууәл айында алты күн ораза ұстау
Бұл оразаны сол айдың ішінде кез келген күні үзбей
бірінен кейін бірін немесе үзіп-үзіп ұстауға болады. Бірақ
айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал.
Қаза, атау, т.б. оразаны осы күндерде ұстаса дәл сол
сауапты ала алады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді:
«Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі
шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, жыл бойы ораза
ұстағанмен бірдей
317
.
314
Муслим, Сиам, 192.
315
Бухари, Әнбия, 377.
316
Әбу Дәәуд, Саум, 60.
317
Ибн Мажә, Сиам, 33.