Previous Page  302 / 520 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 302 / 520 Next Page
Page Background

302

Ислам ғылымхалы

туралыққа бастайды. Яғни, негізгі рөл мен тізгінді ар-

ождан қолға алып, адам жаны рухани ләззатқа шомыла

бастайды. Бәлкім, ол сонда ғана құмарлық сезімдердің

татқан ләззатынан, рухани сезімдердің алған ләззаттары

әлдеқайда басым екенін аңғарып, оның бұдан кейінгі бар

арман-тілегі – толық адам шыңы бола бастайды. Толық

адам шыңы – адамның Ұлы Жаратушы мінезіне ұқсауы.

Яғни, рақымды, мейірімді, кешірімді болу секілді. Міне,

оразаның осындай хикметтері бар.

Нәпсіні тәрбиелеп, жолға салуда аштық пен шөл

өте үлкен рөл ойнайды. Бірақ бұл Аллаһ Тағала үшін

болуы керек. Кісі өздігінен аш қалып, діттеген мақсатына

жете алмайды. Өйткені, ораза – Аллаһ Тағалаға жаса-

латын ғибадат. Толық адам болу жолындағы барлық

қадам Ұлы Жаратушы үшін арналуы керек. Қасиетті

(қудси) хадисте Аллаһ Тағала: «Аузы берік адам ішіп-

жеуін мен үшін доғарды. Ораза – Мені мен құлымның

арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана

өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен

сусағандықтан шыққан ауыз исі мен үшін миск әтірінен

де тамаша», – дейді.

3. Қоғамдық пайдасы

Оразаның аузы берік адамға ғана емес, сонымен

қатар қоғамдық пайдалары бар. Ораза – елдегі дәулетті

адам мен жоқ-жітік арасында байланыс жасайды.

Көбінесе ауқатты адам жасынан өмірдің ауыр тіршілігін

көріп, тауқыметін арқаламай өскендіктен, жанашырлық

сезімнен мақұрым қалады. Қазақ «аш бала тоқ баламен

ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» деп дәл

тауып айтқан.